Куәгерлер Бангкокта ұшып өткен метеоритті видеоға түсірді

04 Қараша 2015, 09:50
0
Куәгерлер Бангкокта ұшып өткен метеоритті видеоға түсірді - Кадрдан
Кадрдан

Куәгерлер Тайланд астанасында ұшып өткен метеоритті видеоға түсірді. Бангкок қаласының аспаны кешкі уақытта бірнеше секунд бойы жарқырап тұрды, - деп хабарлайды Naked Science.

Табиғи құбылыс 2 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20.35-те байқалды. Аспандағы жарқыл автомобильдердің видеотіркегіштеріне түсіп қалған. Таиланд астрономиялық қоғамы Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында мұның метеорит болуы мүмкін екенін жазды. Айта кетейік, жарқылды бірнеше ауданның тұрғындары байқаған.

Бұл соңғы айларда екінші рет болып отырған құбылыс. Биыл қыркүйекте де дәл осындай жарқыл байқалған еді. Ол кезде Таиланд Ұлттық астрономиялық ғылыми-зеттеу институтының ғалымдары жарқылдың метеорит екенін растады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай