Сурет ©REUTERS агенттігінен алынған
"Қостанай қаласының тұрғыны құрбысына етік сыйлап, соңынан сотқа берді. Себебі, құрбысына сыйлаған етігінде жинап жүрген миллион теңге ақшасы бірге кеткен" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Наша газета" ақпарат құралына сілтеме жасап Жетіқара қаласының 47 жастағы тұрғынынан құрбысы кимейтін киімдерін келініне беруді сұрайды. Жәбірленуші құрбысының келініне ескі кеудешесі мен етігін береді. Қайын апасы мен оның құрбысының көз алдында сыйға берген киімдерді өлшеп көрген келіншек алғысын айтып, киімдерді алып кеткен. Арадан бірнеше күн өткенде, жинап жүрген миллион теңге ақшасын сыйға берген етік ішіне салып қойғаны жәбірленушінің есіне түседі. Алайда, құрбысы мен келіні етік ішінде ешқандай ақша болмағанын айтады. Амалы таусылған әйел полицияға арызданады. Тексеру барысында қайын енесі мен келіні етік ішінде, расымен де, ақша болғанын мойындайды. Бірақ ол ақшаны қарыздарын өтеп, жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан. Алайда, орын алған жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан соң, жәбірленуші сотқа жүгінеді. Сот жауаптыларды ақшаны қайтаруға міндеттеген.
"Қостанай қаласының тұрғыны құрбысына етік сыйлап, соңынан сотқа берді. Себебі, құрбысына сыйлаған етігінде жинап жүрген миллион теңге ақшасы бірге кеткен" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Наша газета" ақпарат құралына сілтеме жасап
Жетіқара қаласының 47 жастағы тұрғынынан құрбысы кимейтін киімдерін келініне беруді сұрайды. Жәбірленуші құрбысының келініне ескі кеудешесі мен етігін береді. Қайын апасы мен оның құрбысының көз алдында сыйға берген киімдерді өлшеп көрген келіншек алғысын айтып, киімдерді алып кеткен. Арадан бірнеше күн өткенде, жинап жүрген миллион теңге ақшасын сыйға берген етік ішіне салып қойғаны жәбірленушінің есіне түседі. Алайда, құрбысы мен келіні етік ішінде ешқандай ақша болмағанын айтады. Амалы таусылған әйел полицияға арызданады.
Тексеру барысында қайын енесі мен келіні етік ішінде, расымен де, ақша болғанын мойындайды. Бірақ ол ақшаны қарыздарын өтеп, жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан. Алайда, орын алған жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан соң, жәбірленуші сотқа жүгінеді. Сот жауаптыларды ақшаны қайтаруға міндеттеген.