26 тамыз 2014 | 17:20

Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постерге ресейлік "Родина" партиясы да наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Havas Worldwide Kazakhstan ©Havas Worldwide Kazakhstan

Ресейдің "Родина" партиясы Құрманғазының Пушкинмен сүйісіп тұрғаны бейнеленген постердің Интернетте пайда болуын айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Партияның Санкт-Петербургтегі бөлімшесі ресми түсініктемесін өзінің "ВКонтакте"-дегі парағында орналастырды.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің "Родина" партиясы Құрманғазының Пушкинмен сүйісіп тұрғаны бейнеленген постердің Интернетте пайда болуын айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Партияның Санкт-Петербургтегі бөлімшесі ресми түсініктемесін өзінің "ВКонтакте"-дегі парағында орналастырды.

Ресейлік партия Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген принтке наразылық білдіріп, жарнама агенттігі басшыларын сотқа беруге ниет білдірген қазақстандықтарға қолдау көрсетті. "Родина" партиясының Санкт-Петербург бөлімшесі дәстүрлі сексуалдық ориентациясы бар тұрғындарды алалап, Ресей халқы мен бізге бауырлас, рухы жақын Қазақстан халқының тарихи мұрасын масқаралаған ЛГБТ-қозғалысты қатаң айыптайды және сурет авторларына қатысты сотқа шағымданған Қазақстан азаматтарын (қазақстандықтар әзірше сотқа шағымдана қойған жоқ - Авт.) қолдайды. Ресейде ЛГБТ-насихат мәселелерінің ауыр жағдайын және азғындардың жүгенсіздігі мен арсыздығын ескере отырып, біз Қазақстанда жағдай басқаша, орыс пен қазақтың атақты ақындарын қорлағандар тиісті жазасын алады деп үміттенеміз", - дейді партия өкілдері.

"Студия 69" клубын жарнамалайтын принт Орталық Азия жарнама жасаушылары арасында өткен Red Jolbors Fest байқауынан кейін танымал болған еді. Бұл жұмыс "Сыртқы жарнама" номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алған. Бұдан соң қоғамда наразылық басталды. Қоғам қайраткерлері мен блогерлер және Құрманғазының ұрпағы Алматы қалалық ішкі істер департаментіне шағым түсіріп, Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігін әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрады.

Еске сала кетейік, жарнама агенттігі Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер үшін кешірім сұраған болатын. Мамандар постер идеясының адамдардың шағын тобы, дәлірек айтқанда, байқау үшін жасалғанын айтты. Авторлар оның еш жерге орналастырылмайтынын және жарияланбайтынын жеткізді. "Студия 69" клубы болса, бұл постерге біздің еш қатысымыз жоқ деп мәлімдеді. Клуб өкілдерінің айтуынша, олар мұндай жарнамаға тапсырыс бермеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети