Әнші Курт Кобейннің кардиганы 334 мың долларға сатылды. Бұл туралы Juliens Auctions аукцион сауда үйі Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
Нью-Йорктегі кафелердің бірінде өткен аукцион былай аталды: "Иконалар мен идолдар: рок-н-ролл". Винтажды затты Кобейн 1993 жылы Nirvana тобының құрамында MTV Unplugged шоуы кезінде киген.
SOLD for $334,000! A vintage cardigan sweater worn by Kurt Cobain during Nirvana's MTV Unplugged performance in 1993.
— Juliens Auctions (@JuliensAuctions) October 26, 2019
Sold in our "Icons & Idols: Rock 'N' Roll" auction at the @HardRockCafeNYC and online at https://t.co/ahsXX38A8G! #JuliensAuctions #Auction #KurtCobain #Nirvana pic.twitter.com/lnxaTpxuoJ
2015 жылы кардиган аукционда 137 мың долларға сатылған еді, бастапқы бағасы 40-60 мың доллар болған.
Осыған дейін, әншінің темекі шоғына күйіп қалған жемпірі 200 мың доллармен сатылымға қойылғаны айтылған еді.

Курт Кобейн - Nirvana лидері, гранж стилін қалыптастырғандардың бірі. Музыкалық топ үш студиялық және бір концерттік альбом шығарды. Кобейн өз өміріне қол салғаннан кейін, Nirvana 1994 жылы тарады.