17 тамыз 2015 | 13:29

"Қытай дауысы" жобасында қазақ жігіті қазылар алқасын таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жеке мұрағаттан © Жеке мұрағаттан

ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласының 35 жастағы тұрғыны Берік Ысқақ The Voice China ("Қытай дауысы") жобасының қазылар алқасын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласының 35 жастағы тұрғыны Берік Ысқақ The Voice China ("Қытай дауысы") жобасының қазылар алқасын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрмей тыңдау кезеңінде ол испандардың ырғақты Señorita композициясын орындады, оған тек қазылар алқасы ғана емес, көрермендер де риза болды. Төрт сарапшының үшеуі Берікке бұрылды, ол танымал әнші әрі композитор Ванг Фенганы (Wang Feng) таңдады. Енді екінші кезеңде жетекшілер өз тобындағыларды жұптастырады. Әншілер өзара бақ сынайды.

Сұхбат кезінде Берік 15 жасынан бері сахнаны жаулауды армандайтынын, кішкентай кезінен бері вокалмен айналысатынын айтты. Беріктің ұлы мен қызы бар. Олар аналарымен бірге әкелерінің жанкүйері.

Еске сала кетейік, 2013 жылы да осы жобаға Тасқын есімді қазақ жігіті қатысқан болатын. Бірінші кезеңде ол Қытайдағы танымал әндердің бірін орындады, дегенмен қазылардың ешқайсысы оған өз дауысын берген жоқ. Бұдан кейін ол қазақ тілінде "Дударай" әнін шырқады. Қазылар алқасы көздеріне жас алып, Тасқынға екінші мүмкіндік берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети