1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Қытай мейрамханасында түскі асқа берілген балық тіріліп кетті

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Мейрамханада түскі асқа берілген балық тіріліп кетті, - деп хабарлайды "24.kz".

Ақпарат құралының мәліметінше, Қытайдағы халық жиі баратын айтулы мейрамханада күтпеген жерден қызық оқиға болған. Мұнда келген мейманға түскі ас ретінде тартылған балық тәрелкеде жатып, қимылдай бастапты.

"Сол кезде өз көзіне өзі сенбеген қонақ балықты тамақ жейтін таяқшалармен түртіп, тексеріп те көреді. Пышақ тиіп, тұздықталған балықтың қалай тіріліп кеткенін мейрамхана аспазы да білмей аң-таң қалыпты", - делінген жарияланымда.