Қытайда бір қыз жігіті 99 дана iPhone сыйлап, күйеуге шығуға ұсыныс жасаса да, бас тартты, - деп хабарлайды The Nangfang.com. Жігіт қымбат телефондарды тізіп, жүрек пішінін жасаған.
Қытайда бір қыз жігіті 99 дана iPhone сыйлап, күйеуге шығуға ұсыныс жасаса да, бас тартты, - деп хабарлайды The Nangfang.com. Жігіт қымбат телефондарды тізіп, жүрек пішінін жасаған.
Гуаньчжоу қаласының бағдарламашысы iPhone телефондарына 82 мың доллар жұмсапты. Бұл оның екіжылдық табысы екен. Жігіт барлық достарын жинап, қызға ұсыныс жасайды. Бірақ қыз оның ұсынысын кері қайтарды.
Әлеуметтік желі қолданушылары жігітті жұбатуға тырысты. Кейбірі Қытайдағы iPhone смартфонына деген үлкен сұранысты есепке алып, оңай сатып жібере алатынын айтты. Тағы бір қолданушылар мұндай ұсынысты топас қылық деп санап, бұл гаджеттерді сатып алу үшін қанша бүйрек сату керектігін сұрады. Еске сала кетейік, жаңа iPhone шыққан кезде сатылымда рекорд жаңартқан болатын. Үш күннің ішінде 10 миллион телефон сатылды. Бастапқыда сатылым АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Гонконг, Жапония және Сингапур елдерінде басталды. Жыл соңына таман бұл телефондарды 115 елде сатылмақ. Айта кетейік, осыған дейін жаңа Lenovo смартфонының iPhone-ға ұқсайтыны хабарланды.