Қытайда өздігінен төңкеріліп кететін көліктердің жұмбағы шешілді. Таңғаларлық жол-көлік апатының себебі жарықтандыру шамынан түскен сым болып шықты. Ол көше тазалайтын көліктің щеткасына байланып алып, жол бойын ысырып өткен. Ал жүргізушілер сымды көрмей, басып кетіп, әуеге ұшқан. Бұл туралы Tengrinews TV хабарлады.

Еске салайық, өткен демалыс күндерінде Желіде Қытайдағы автокөліктердің өздігінен төңкеріліп кеткені бейнеленген видео пайда болған еді. Оқиға Қытайдағы қалалардың бірінде болған. Түрлі сайттардағы мәліметтерге қарағанда, бейнебақылау камерасы түсіріл алған роликке қатысты түрлі пікірлеп айтылып жатыр. Кейбіреулер мұның белгісіз құбылыс екенін айтса, тағы біреулері ғылыми тұрғыда түсіндірмек болған. Солардың айтуынша, жолда кабель сымы қалып кеткен. Ал өзгелері жол астында магниттің барын айтқан.