Қытайда өзінің 20 жігітінен жаңа iPhone 7 смартфонын әперуін сұрап, кейіннен ол телефондарды сатып, сол ақшаға қала сыртынан үй сатып алған қыздың оқиғасы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр, - деп жазады Life.

Бұл туралы қыздың "Тәкаппар Сяоба" лақап есімді блогер құрбысы айтып берді. Оның айтуынша, қыз мұндай әрекетке ешқандай да пайдакүнемдік мақсатта барған жоқ, тек оның отбасындағы жағдайға байланысты қыз ата-анасына көмектеседі екен.
Осылайша қытайлық қыз сыйға алған жаңа телефондарды шамамен 17 мың долларға сатқан. Сол қаражатқа қала сыртынан үй сатып алады.
Айта кетейік, Қытайдағы әлеуметтік желі қолданушылары қыздың бұл әрекетіне түсіністікпен қарады. Оларды оның үй сатып алуынан бұрын, бір уақытта 20 жігітпен кездесіп, олардың барлығы қызға iPhone 7 сатып әпергені таңғалдырды. "Мен бір жігіттің өзін таба алмай жүрмін, ол болса бір уақытта 20 жігітпен кездесіп жүрген. Және ол әрқайсысын оған iPhone 7 әперуін көндірген", - деп жазды қолданушылардың бірі.