Қытайдың ақпарат құралдары жазған достық хикаясы Интернетті жаулап алды. Сюйчжоу қаласындағы училищенің 18 жастағы Се Сюй есімді студенті үш жыл бойы өзінің бірге оқитын досы Чжан Циді сабаққа арқалап әкеліп жүр.

Чжан бұлшық еті әлсіреп, адамның қозғалысына қиындық тудыратын бұлшық ет дистрофиясымен ауырады.
Достар үш жыл бұрын оқуға тапсырған кезде танысқан екен.
Бойы 1,73 метр, салмағы 75 келі болатын Се досына сабаққа келу үшін көмектесуді ұйғарыпты. Достар жатақханада бірге тұрады. Күн сайын Сео Чжанды бөлмесінен училищеге дейін әкеліп, қайта алып қайтады. Сонымен қатар, оған тамақтану, киім жуу сияқты тұрмыстық мәселелерде де көмектеседі.
Сенің айтуынша, ол досын жатақхана мен сыныптардың арасында күніне он шақты рет алып жүреді.
Екі дос та өте еңбеққор. Олар бірге университетке түсуді армандайды. "Се өте жақсы оқиды, әрі басқа студенттерге де оң көзқараста. Сенің арқасында Чжан бірде-бір сабақты жібермейді", - деді олардың оқытушысы.