26 ақпан 2014 | 13:23

Қызылорда облысының шенеунігі дөрекілігі үшін қатаң ескерту алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

7-ші арнадан алынды 7-ші арнадан алынды

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған ауданына барып, су тасқыны қауіпі туындаған ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайдыTengrinews.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ ол Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Қаржыбек Бүркітбаевқа қатаң ескерту жасау керектігін баса айтты. "Қанша күрделі мәселе болса да мемлекеттік қызметтің этикасын сақтау біздің парызымыз. Сондықтан Жаңақорған әкімінің орынбасары Қаржыбек Бүркітбаевқа қатаң ескерту жасалсын" деді Қ.Көшербаев Еске салайық, бірнеше күн бұрын Жаңақорған ауданындағы үйлердің аулаларын су алған кезде тұрғындар дағдарып қалған болатын. Қажет болған жағдайда арнайы техникалар мен мамандар көмек көрсетті, бірақ залалды жою кезінде атқарушы билікке жергілікті тұрғындар көшедегі судың салдарынан көлікпен жүру мүмкін емес екендігін айтып, шағымданған. Тұрғындардың бұл шағымына аудан әкімінің орынбасары Қаржыбек Бүркітбаев "ол біздің шаруамыз емес, сен оны өзің жөнде" деп дөрекі жауап қайтарған. Атқарушы билік басындағы мемлекеттік қызметкердің бұл дөрекілігі жергілікті телеарналардан көрсетілген болатын. Осы оқиға бойынша аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бүгін Жаңақорған ауданы әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаевқа орынбасарына қатаң ескерту жасауды тапсырды. Сондай-ақ Көшербаев мырза: биыл жауын-шашынның молдығын, қазірдің өзінде Шардара су қоймасы суға толы екенін; ал Көксарай су реттегіш қоймасының 1,5 апта ішінде суға толып қалатынын, сондықтан Арал, Жаңақорған өңірлеріндегі жауапты тұлғалардың ешқайсысының қазір демалысқа шықпайтынын, су басу қаупінің алдын алуға жеткілікті қаржы бөлінгенін; ендігі кезекте жауапты тұлғалар жағдайды қатаң бақылауды ұстау керектігін баса айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети