Сурет www.tobet.kz сайтынан алынды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Қайрат Раманқұлов есімді тұрғыны тұқымы құрып бара жатқан қазақы төбет иттерді сақтап қалудың жолдарын қарастыруда, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның бұл кәсіппен айналысқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Бүгінгі таңда тұқымы азайған төбет итін аман сақтап қалуға баса назар аударда. Бұл кәсіпті ол тіршілік ету үшін табыстың көзіне де айналдырып алған. Өңірдегі төбет ит асырауға ниет білдірген азаматтар бірден Қайратқа хабарласады. Ол төбеттің әр күшігі үшін 30 мыңнан 50 мың теңге дейін бағаласа, үлкендерін 150 мың теңгеге сатады. Қазір оның асырауында 20-дан астам төбет бар. Аталмыш тіршіліктің қызығына әбден кіріп кеткен Қайрат иттерге тәулігіне 15 келіге дейін шикі ет береді екен. "Қазір елімізде төбет пен тазы секілді қазақы ит тұқымдарының жоғалып бара жатқаны жайында жиі айтылып жатқаны рас. Сондықтан оған мемлекеттік деңгейде мән беруіміз керек. Егер бұл істі жолға қоя алсақ, жекелеген адамдарды айтпағанда, мемлекеттің өзі қыруар қаржы табатын болады. Ондай тәсілді түркімен елі жақсы пайдаланып отыр. Олар ақалтеке жылқысы мен алабай итінен-ақ қомақты қаржы табуда. Бізге, әзірге осы жағы жетіспей отыр", - дейді ол.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Қайрат Раманқұлов есімді тұрғыны тұқымы құрып бара жатқан қазақы төбет иттерді сақтап қалудың жолдарын қарастыруда, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның бұл кәсіппен айналысқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Бүгінгі таңда тұқымы азайған төбет итін аман сақтап қалуға баса назар аударда. Бұл кәсіпті ол тіршілік ету үшін табыстың көзіне де айналдырып алған. Өңірдегі төбет ит асырауға ниет білдірген азаматтар бірден Қайратқа хабарласады. Ол төбеттің әр күшігі үшін 30 мыңнан 50 мың теңге дейін бағаласа, үлкендерін 150 мың теңгеге сатады. Қазір оның асырауында 20-дан астам төбет бар. Аталмыш тіршіліктің қызығына әбден кіріп кеткен Қайрат иттерге тәулігіне 15 келіге дейін шикі ет береді екен.
"Қазір елімізде төбет пен тазы секілді қазақы ит тұқымдарының жоғалып бара жатқаны жайында жиі айтылып жатқаны рас. Сондықтан оған мемлекеттік деңгейде мән беруіміз керек. Егер бұл істі жолға қоя алсақ, жекелеген адамдарды айтпағанда, мемлекеттің өзі қыруар қаржы табатын болады. Ондай тәсілді түркімен елі жақсы пайдаланып отыр. Олар ақалтеке жылқысы мен алабай итінен-ақ қомақты қаржы табуда. Бізге, әзірге осы жағы жетіспей отыр", - дейді ол.