04 ақпан 2014 15:23

Қызылорданың өзіне ғана тән "Қызыл кітабы" болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Үстіміздегі жылы Қызылорда облысының өзіне ғана тән "Қызыл кітабы" жарық көретін болады. Оған жергілікті жерде мекен ететін жойылып кету қаупі бар және саны жыл өткен сайын азайып бара жатқан аң-құстар мен өсімдіктер енгізіледі. Бұл жайында, Tengrinews.kz тілшісіне Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлім етті. Экологиялық жағдай салдарынан өңірдің флорасы мен фаунасы біршама азайған. Тіпті, кейбірі жойылудың аз-ақ алдында тұр. Мәселен, ен даланың еркесі атанған елікпен ақбөкеннің саны өте аз. Облыста Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген 70-тен астам өсімдік бар. 2013 жылғы есеп бойынша, Қызылорда облысында 278 бас ақбөкен, 382 бас елік, 888 бас қарақұйрық бар екені анықталып отыр. Әрине, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қасқалдақ, үйрек пен қаз саны бұлай кеми қоймағанымен, жылдан-жылға олардың да саны азайғаны байқалып келеді. Облыстың "Қызыл кітабын" шығарушылар "Осы жағын ескеріп отырмыз", - дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети