Лондонда тұратын орыс қызы қазақтың дәстүрімен ұзатылуы жайлы толығырақ айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Абдель Мұхтаровтың жеке мұрағатынан © Абдель Мұхтаровтың жеке мұрағатынан

Лондонда тұратын орыс қызы қазақтың дәстүрі бойынша ұзатылуы жайлы толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл жаңалықты бірінші болып шоумен әрі жүргізуші Абдель Мұхтаров Instagram желісіндегі жеке парақшасында жария еткен болатын. Яна Ысқақова есімді орыс қызының Доминик Тонг есімді швейцар жігітіне қазақтың дәстүрімен тұрмысқа шыққаны жайлы хабар әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленген еді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Лондонда тұратын орыс қызы қазақтың дәстүрі бойынша ұзатылуы жайлы толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл жаңалықты бірінші болып шоумен әрі жүргізуші Абдель Мұхтаров Instagram желісіндегі жеке парақшасында жария еткен болатын. Яна Ысқақова есімді орыс қызының Доминик Тонг есімді швейцар жігітіне қазақтың дәстүрімен тұрмысқа шыққаны жайлы хабар әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленген еді.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Абдель Мұхтаров жақын досы Яна жайлы әңгімеледі. Оның айтуынша, Яна өте еңбекқор адам. "Жастайынан озат оқып, қазіргі таңда Лондонда ірі Deloitte компаниясында жоғары лауазымда қызмет атқарады, ол - қаржыгер. Нағыз маман иесі деуге болады. Жұмысында екі мәрте жоғарылап, senior manager статусында қызмет етеді. Міне, досымның осылайша ұзатылғанына дән ризамын әрі бақыт тілеймін!", - деді ол. 

Сонымен бірге, Абдель отандық ақпарат құралдарында ұзату тойы жайлы мақала жарияланғаннан кейінгі Янаның әсерін де айтып өтті. "Яна отандық ақпарат құралдарында өзінің қазақтың дәстүрімен тұрмысқа шыққаны жайлы мақалаларды көріп таңғалды. Сондай бір жағымды әсерде болды", - деді ол. 


© Яна Ысқақованың жеке мұрағатынан

Ұлыбритания астанасында тұрып жатқанына бес жыл болған Яна тілшімізге неліктен қазақтың дәстүрімен ұзату тойын өткізгенін айтып берді. "Менің құрбыларымның барлығы қазақ қыздары. Сондықтан мен қазақтың дәстүрімен ұзатылғым келді. Солай жоспарладым да. Ал қосағым бұл ойыма қарсы болған жоқ, қазақтың барлық дәстүрін оқып-білді. Ол тіпті той кезінде орыс тілінде сөз сөйлеп, тосын сый жасады. Қазақтың ұғымындағы қалың мал дегеннің не екенін айтып берді. Сөйтіп, ол маған қалың мал ретінде ағаштан жасалған 25 сиыр әкеліп, тойбастар ретінде қонақтарға үлестірді", - деп әңгімеледі Яна өзінің тойы жайлы.


Күйеу жігіт ағаштан жасалған 25 сиырдың мүсінін қонақтарға үлестіріп жатыр. © Яна Ысқақованың жеке мұрағатынан 


© Яна Ысқақованың жеке мұрағатынан


© Яна Ысқақованың жеке мұрағатынан

Сонымен қатар, Яна күйеу жігітпен қалай танысқанын айтып берді. "Біз екеуміз әріптеспіз. Лондонда екеуміз бірге жұмыс істедік. Ол өзі швейцар азаматы. Швейцариядан аз уақытқа жұмыс бабымен келген еді. Таныстығымызға екі жарым жыл, ал кездесіп жүргенімізге бір жыл болыпты", - деді қалыңдық. 


© Яна Ысқақованың жеке мұрағатынан

Айта кетейік, қазақстандық БАҚ-тарда бұл жайлы жаңалық шыққан кезде қолданушылар Янаның қай ұлттың өкілі екеніне қатысты сөз таластырған болатын. Осыған байланысты ол былай деп жауап берді: "Иә, менің қанымда 25 пайыз татардың қаны бар. Сондықтан тегім "Ысқақова". Әкем мен шешем алты жасымда ажырасқан еді. Содан кейін мен ұлты орыс анам мен әжемнің қолында өстім. Шалғайдағы Лондонда тұрып жатсам да Отаным деп Қазақстанды айтамын. Қайда жүрсем де Отаным маған ыстық. Сондықтан қазақтың дәстүрімен ұзатылдым. Жалпы мен өзімді қазақ қызы секілді көремін. Себебі Қазақстанда туып-өстім, салт-дәстүрімізді білемін". 

Яна Ысқақова енді үйлену тойының Швейцарияда және еуропалық стильде өтетінін айтып берді. Жас жұбайлардың тойы наурыз айына жоспарланған.


© Яна Ысқақованың жеке мұрағатынан

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro