19 маусым 2014 | 09:49

Люксембург біржынысты некені заңдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Люксембургте біржынысты некеге рұқсат беретін заң мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC Russian ақпарат құралына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Люксембургте біржынысты некеге рұқсат беретін заң мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC Russian ақпарат құралына сілтеме жасап.

Люксембург Палатасының депутаттары бір жыныстылардың некеге тұруына және бала асырап алуына рұқсат беретін заңға енгізілген өзгертулерді мақұлдады. Мұндай заңды 56 депутат қолдаса, төрт депутат қарсы шыққан. Заңға енгізілген өзгерту 2015 жылдан күшіне енеді. 2014 жылға дейін люксембургтік біржыныстылар тек қана азаматтық серіктестік келісімшарт негізінде отбасы құра алатын болған. 

Басылымның мәліметіне қарағанда, Люксембургтің премьер-министрі Ксавье Беттель мойындалған гей және ол бельгиялық сәулетші Дестенеем Готьемен азаматтық серіктестік келісімшарт негізінде бірге тұрады. Біржыныстық қатынастарды заңдастыру оның сайлауалды уәделерінің бірі болған.

Люксембург біржынысты некеге рұқсат берген 16-шы ел болып отыр. Бұл тізімде Нидерланд, Бельгия, Испания, Канада, ОАР, Норвегия, Швеция, Португалия, Исландия, Аргентина, Дания, Бразилия, Франция, Уругвай және Жаңа Зеландия бар. Аумақтық деңгейде біржынысты неке АҚШ, Мексика және Ұлыбритания елдерінде заңдастырылған.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети