25 қазан 2017 21:39

Малайзияда сиқыршы қауіпті трюк жасаймын деп қазанда күйіп өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Малайзияда даос гуруы қазанда көп уақыт бойы болатын трюк жасаймын деп, күйіп өлді, - деп хабарлайды Star.


Малайзияда даос гуруы қазанда көп уақыт бойы болатын трюк жасаймын деп, күйіп өлді, - деп хабарлайды Star.

Қайғылы оқиға 23 қазанда кешкі уақытта Перак провинциясындағы Айер-Тавар қаласында Тоғыз Император-Құдайдың мерекесіне арналған салтанатты шара кезінде болған. 65 жастағы Лим Ба қазанның үстіне шыққан, осы кезде көмекшілер үстіне қақпағын жауып, астына от жағады. Алайда жарты сағат өткенде ізбасарлары оның тыпырлап, қазанды соққылап жатқанын естіген.

Ер адамды дереу шығарып алған көмекшілері оның ессіз күйде екенін анықтаған. Гуру ауруханаға жеткізілгенде дәрігерлер оның жүрек талмасы ұстап, қайтыс болғанын тіркеген. Лим Баның денесін екінші деңгейлі күйік шалғаны белгілі болған.

Басылымның мәліметінше, Лим Ба бұл қауіпті трюкті соңғы 10 жыл бойында сәтті орындап келгенін жазады. Оның ыстық қазан ішінде 75 минутқа дейін отырғаны айтылады. Қызының айтуынша, әкесі трюк алдында өзін жайсыз сезініпті, бірақ айтқанынан қайтпапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети