Маңғыстау облысында ең үздік келін анықталды, - деп хабарлайды "Лада". Марапаттау рәсімі 7 қараша күні Шетпе ауылында өтті.
Маңғыстау облысында ең үздік келін анықталды, - деп хабарлайды "Лада". Марапаттау рәсімі 7 қараша күні Шетпе ауылында өтті.
Бұл атаққа лайықты адамды ауыл тұрғындары анықтады. Нәтижесінде үш әйел жеңімпаз атанды, олардың әрқайсысының жеті балалары бар.
"Ақшұқыр ауылынан үздік келінді анықтаған кезде көп қиналмадық, - деді конкурс ұйымдастырушылары. - Біз көшеге шығып үлгі боларлық келін бар ма деп сұрадық. Барлығы бір адамды атады - ол Райхан Кибасова. Нәтижесінде ол конкурс жеңімпазы болды".
Ал жеңімпаздың өзі мұндай жетістікке жеткеніне қатты таңғалғанын айтты. "Басқа отбасыдағы келіндерден менің айырмашылығым жоқ. Тек менің енем өте жақсы адам. Мен оны өз анамдай көремін, сондықтан да бізде бәрі жақсы", - деді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Райханның ең үздік келін атануына оның енесінің көп еңбегі сіңген. Енесі келінінің қаншалықты жақсы адам екенін айтып, үй шаруашылығына жауапты екенін жеткізген. Райхан үйде бәрін істеп, балаларға қарайды, сонымен қатар малдарға да сол жауапты.
Конкурс жеңімпазы "Сарыағаш" шипажайына жолдама алды. Екінші орынды Ботагөз Мәулетдинова алса, үшінші орын Оразхан Бекжановаға бұйырды. Оларға ақшалай сыйлық табыс етілді.