Маңғыстауда салмағы 6 келі қыз дүниеге келді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.
Маңғыстауда салмағы 6 келі қыз дүниеге келді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.
7 қарашада сағат 11.45-те облыстық перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 100 грамм қыз дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы бес жылда ешкім мұндай салмақпен дүниеге келмеген.
Бұл сәби Мұнайлы ауданының 37 жастағы тұрғынының 6-шы баласы екен. Әйелдің үш ұлы мен үш қызы бар екен. Балаларының барлығы үлкен салмақпен туылыпты.
"Осыған дейінгі балалары 3 келі 900 грамм, 4 келі, 4 келі 300 грамм, 4 келі 900 грамм, 5 келі 900 граммен дүниеге келді. Барлығын өзі босанды, тек біреуін іштен жарып алуға тура келді. Қазіргі уақытта сәби мен анасының жағдайы жақсы", - деді облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Роза Баданова.
Еске сала кетейік, 2012 жылы Астанада салмағы 6 келі 820 грамм ұл бала дүниеге келген еді.