05 шілде 2020 11:00

Мәскеулік қазақ қызы Нью-Йорк орталығында домбыра шертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеулік қазақ қызы Нью-Йорк орталығында домбыра шертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәскеулік қазақ қызы Нью-Йорк орталығында домбыра шертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны блогер Абзал Лесбеков YouTube-тегі арнасында жариялады.

Лаура - Ресейлік қазақ. Арнайы ролик үшін ол ұлттық қамзол киіп домбырада ойнады. Видео авторы қыз туралы толығырақ айтып беруге уәде етті.

Еске салайық, Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Мерекені 2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен.

"Домбыра - қазақтың жаны... Маған домбырада жақсы ойнайтын адамдар ұнайды. Қазақтың халық әндері де өте жанды, философиялық мазмұны бар. Қазақ әнінде музыканы емес, сөзін тыңдау керек. Сөздер өте үлкен мағына береді", - деген еді Елбасы.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

"Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген. Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес", - делінген Президент құттықтауында.

Сондай-ақ, Тоқаев ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети