02 мамыр 2017 | 13:33

Майк Тайсон көршісіне GGG атты қазақстандық ірімшіктен дәм татқызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан үзінді Видеодан үзінді

Атақты Майк Тайсонның ресми арнасында "Есерсоқ көрші" атты әзіл видео жарияланды. Ролик сюжеті бойынша, боксшы танысын қонаққа шақырып, 2000 жылдық аса мәзірі бойынша жасалған сэндвичтен дәм татқызады. Ең қызықтысы, бұл тағамға GGG тауында жасалған қазақстандық ірімшік қосылған екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Иконка комментария блок соц сети

Ролик Майк Тайсонның гүлдерін суарып жүрген жерден басталады. Осы сәтте ол көршісі - танымал вайнер Анвар Джибавидің есік алдына келіп тоқтағанын көреді де, оны қонаққа шақырады. Джибави қолы тимейтінін айтып, бас тартқанымен, Тайсон оның сөзіне көнбейді.

"Менің құпия мәзіріме құрметсіздік танытпа - менің отбасым оны екі мың жыл бойы сақтап келген, құлдық дәуірде де. Жаман емес қой, иә? Тамаша сэндвич. Қазақстандағы GGG тауынан әкелінген ешкі сүтінен жасалған нағыз ірімшік!", - дейді боксшы тағамын мақтай отырып.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети