Менің жаным қатты ауырады - Баян Мақсатқызы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Менің жаным қатты ауырады - Баян Мақсатқызы Сурет instagram/bayanmaxatkyzy

Продюсер және тележүргізуші Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне шығарған үкім жайында пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, Бақытбек Есентаев тоғыз жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Продюсер және тележүргізуші Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне шығарған үкім жайында пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, Бақытбек Есентаев тоғыз жылға сотталды

Instagram желісіндегі парақшасында Баян Мақсатқызы сот үкіміне қатысты пікірін білдіріп, заң бәріне ортақ екенін жазған.

"Мен кешірдім, заң кешпеді. Өмір, біздің тағдыр осылай жазылды, оның, менің және балаларымыздың. Болған жағдайға, бір-бірімізді түсінбегенімізге, балалардың көз жасына, қателіктерге, ойланбай қабылданған шешімдерге жаным қатты ауырады. Мен сынға, қоғамдық пікірге ертеден-ақ үйренгенмін, ол үнемі қайшылықты, ал ешкім біздің жай ғана адам екенімізді және әрқайсымыздың қателікке құқымыз барын ескермейді. Мен әзірше бұл қателік болды ма, жоқ па - білмеймін, уақыт көрсетеді. Жүрек ақылға бағынбайды, менде де, Бақытбекте де солай болды. Әркім өз жазасын алды. Заң бәріне бірдей. 22 жыл бірге болдық, әрбір отбасындағыдай түрлі жағдай болды, жақсы да, жаман да, мен оның жақсы әке екенін айта аламын және маған балаларды жалғыз тәрбиелеу ауыр болады. Бірақ менің қолымнан келеді, бәрін де жеңемін. Мен ешқашан зардап шегушінің рөлінде ойнаған емеспін. Менің бұрынғы күйеуім үшін бәрі осымен бітпеді, ол мықты адам, мен оған денсаулық пен төзімді болуын тілеймін. Мен айтқанмын, БАҚ мені бұл мәселе бойынша енді мазаламасын", - деп жазды Есентаева.

Еске салайық, 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ Бақытбек Есентаев екі айға қамауға алды, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети