Мереке кезінде күрескен екі келін Желіні шулатты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мереке кезінде күрескен екі келін Желіні шулатты Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде күресіп жатқан әйелдердің видеосы тарады. Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бір топ бұрын бұл дәстүр болған десе, енді бір топ қазақта бұрын болмаған дәстүр екенін жазды. Tengrinews.kz тілшісі видеодағы кейіпкермен сөйлесіп, бұл қашан болған оқиға екенін сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде күресіп жатқан әйелдердің видеосы тарады. Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бір топ бұрын бұл дәстүр болған десе, енді бір топ қазақта бұрын болмаған дәстүр екенін жазды. Tengrinews.kz тілшісі видеодағы кейіпкермен сөйлесіп, бұл қашан болған оқиға екенін сұрады.

Желіде тараған видеоға пікір білдіргендер арасында бұл бұрыннан бар дәстүр екенін жазғандар да табылды:

Қатын күрес деген бұрыннан бар ғой. Наурызда күреседі.

Ұят, ерсі көрініп тұрған жоқ. Керісінше халатпен керемет емес пе. Кәдімгідей қарапайым ауылдың келіншектері. Спорт киім киетіндей арнайы спортшылар емес қой. Осылай керемет.

Бұл үрдіс - бұрыннан келе жатқан үрдіс. Кейінгі кезде ескерілмей қалған. Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Кәдімгі ауылдың мықты келіндері, керемет.

Несі ұят, палуандарды да аналар тумай ма?! Алып анадан, ат биеден туады.

Негізі бұл бар нәрсе. Қазақта бұрын бұны "келін күрес" демеген... "Қатын күрес" деген. Оңтүстік жақта Наурыз тойында, ата-бабаға арнап үлкен ас берген кезде осы күрес болатын... Қазір ұмытылып бара жатқан нәрсе, көбі біле бермиді. Сондықтан теріс пікірде...

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жұлдыздар алемі!!! (@zhulduz_tv)

Видеодағы күрескендердің бірі - Әлия Нұрланова. Әлия - оңтүстіктің, соның ішінде Түлкібас станцасының тумасы, Елтай ауылының келіні.

"22 наурызда ауылдағы әйелдер арасындағы күресте жеңдім. Бұрын үлкен апайлар күресетін. Бұл - баяғыдан бар дәстүр. "Қатын күрес" деп аталады. Келін болғаныма 10 жылдан асып кетті. Биыл ауыл жастары ұйымдасып, Наурыз мерекесіне орай іс-шара өткізген. Сонда күреске шықтық. Қасымда өзім сияқты ауылдың келіні. Бұрын спортпен айналыспағанмын", - деді ол.

Айта кетейік, "Қатын күрес" той-томалақта немесе ойын сауықта өткізіледі. Бұл жарыс әдетте жас әйелдердің арасына өтеді. Жеңген адам өзіне тиесілі жүлдесін алатын болған. "Қатын күрестің" шарттары "қазақша күрес" ережелерімен бірдей.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети