Metallica тобының әні канадалықты пумадан құтқарып қалған

Metallica тобының әні канадалықты пумадан құтқарып қалған Фото: pixabay.com

Ванкувер тұрғыны Ди Галлант итпен серуендеп жүрген кезде Metallica тобының Don’t Tread On Me әнін қосып пумадан қашып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ванкувер тұрғыны Ди Галлант итпен серуендеп жүрген кезде Metallica тобының Don’t Tread On Me әнін қосып пумадан қашып кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Алғашында біреу мені аңдып келе жатқандай көрінді. Оң жағыма қарап едім пума тұр екен, алайда жыртқыш Мерфи екеумізге (иттің лақапаты - Авт.) шабуылдады. Содан кейін видеоға түсіріп "Ей, қой деймін! деп айқайлай бастадым. Бұл жыртқышты біраз уақытқа тоқтатты. "Кет әрі! Жаман мысық. Мен сенімен соғысамын!" деп айта бастадым. Бірақ бұл көмектескен жоқ, пума кетпей қойған соң, оны даусы қатты нәрсемен қорқытайын деп шештім. Ұялы телефонымдағы өлеңдерді көріп, Metallica тобының Don’t Tread On Me әнін қостым. Музыка ойнай бастағаннан кейін, жыртқыш орнынан қозғалып, кетіп қалды", - дейді Ди Галлант.

Видео канадалық тұрғынды бірден жұлдызға айналдырды. Оның сөзінше, ол топпен байланысып, оның өмірін сақтап қалған ән үшін вокалшы Джеймс Хэтфилдке алғыс айтқысы келеді екен. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети