14 шілде 2019 12:44

Мейрамбек Бесбаев #Абай175 челленджіне қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/m_besbaev © instagram/m_besbaev

Әнші Мейрамбек Бесбаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ол елімізде қыза түскен челленджді әнші Ернар Айдардан қабыл алған. 


Әнші Мейрамбек Бесбаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ол елімізде қыза түскен челленджді әнші Ернар Айдардан қабыл алған. 

"МузАРТ" тобының мүшесі Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған видеода ұлы ақынның "Сегіз аяқ" өлеңінен үзінді оқығанын байқауға болады. Сондай-ақ, ол челленджді жалғастыру үшін Серік Аббас-Шаx, Тоқтар Серіков және Қайрат Нұртасқа жолдады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

@ernaraidar_kz бауырымнан қабыл алып, @serik_abasshakh_officialpage @toktar_beibyt @kair_n сіздерге жолдадым!

Публикация от Meirambek Besbaev (@m_besbaev)

Еске салайық, бұған дейін Абай шығармаларын оқу эстафетасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, әнші Димаш Құдайберген қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, композитор Игорь Крутой, әнші Валерия және ресейлік МУЗ-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети