Сауд Арабиясындағы оқу орындарының бірінде дәріс оқыған молда Шейх Бандар әл-Хайбари Жердің Күнге қатысты қозғалысын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Lenta.ru Al Arabiya порталына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясындағы оқу орындарының бірінде дәріс оқыған молда Шейх Бандар әл-Хайбари Жердің Күнге қатысты қозғалысын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Lenta.ru Al Arabiya порталына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, молданың студенттерге Жердің Күнді айналмайтыны туралы оқыған дәрісі видеоға түсіріліп, Интернетте жарияланды. Молданың мұндай тұжырымын Twitter қолданушылары қызу талқылады. Шейх Бандар әл-Хайбари өзінің мұндай теориясын көрнекі мысалмен дәлелдеуге тырысқан.
Ол алдымен Жердің Күнді айналмайтынына діни әдебиеттегі дәйексөздермен студенттердің көзін жеткізуге тырысқан, содан кейін нақты мысал келтіруге көшті. "Жер Күнді айналмайды, егер айналатын болса, Қытай да айналып, оған ұшақ ешқашан ұшып жете алмас еді", - деп сендірді молда.
Айта кетейік, Шейх Бандар әл-Хайбаридің нақты қай оқу орнында дәріс оқығаны белгісіз. Алайда оның al-Haramain қайырымдылық ұйымының Сауд филиалын басқаратыны анықталды, бұл ұйым мұсылман елдерінде кедейлерге білім беру мәселелерімен айналысады (мектеп және исламды оқыту орталықтарының құрылысы).