Мысық метроның қабырғасында бес жыл бойы өмір сүріп келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысық метроның қабырғасында бес жыл бойы өмір сүріп келген © Тhecairopost.com

Бисо есімді мысық Каирдегі метролардың бірінің қабырғасында бес жыл бойы өмір сүріп келген, - деп жазады Сairo Post басылымы . Бисоның кішкентай кезінде оған үлкен мысықтар шабуыл жасайды. Қашып бара жатып ол қабырғадағы бір тесікке барып тығылады. Кейін ол жерден қайта шыға алмайды.

Басылымның мәліметінше, мысықтың дауысын кетіп бара жатқан Абдо есімді ер кісі естіген. Содан кейін ол мысықты тесік арқылы күнде тамақтандырып жүрген. Абдо метроға жақын жерде көзілдірік сатумен айналысқан екен. Ол Мысырда қиын күндер туып, дүкенін жауып тастаған кезде де мысықты қараусыз қалдырмаған. Осылай бес жыл уақыт өтеді. Египет заңына сай, метролардың қабырғасын бұзу  - "мемлекеттің меншігіне қарсы диверсия" болып есептеледі. Сондықтан мысықты босатуға жануарларды қорғау жөніндегі арнайы орталықтары да қатысады. Осыдан кейін ғана оны қабырға арасынан шығаруға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, қабырғаны бұзуға құтқарушылар 5 сағат жұмсаған. Оларды қабырға артында жанып тұрған екі жасыл көз қарсы алыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети