Мысықты қорлаған француз қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысықты қорлаған француз қамауға алынды Бейтарап сурет.©Нұрғиса Елеубеков

"Францияның Марсел қаласының тұрғыны марғауға жәбір көрсеткені үшін бір жалға бас бостандығынан айырылды" деп хабарлайды Tengrinews.kz франциялық Le Figaro газетіне сілтеме жасап. Франциялық жас жігіт өзінің Оскар лақапты бес айлық марғауын жоғары лақтырып ойнағанын бейнежазбаға түсіріп, интернетте жариялаған. Бейнежазбада марғаудың бетон төсемесіне құлағаны анық көрінеді. Аталмыш бейнежазбаға наразылық танытқан интернет қолданушылар марғаудың иесін анықтап, ол жайлы полицияға шағымданған. Құқық қорғау органының қызметкерлері бейнежазба негізінде Фарид Жилас атты азаматты ұстаған. Сот отырысында прокурор жас жігіттің қылығын "қаныпезерлік" деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Марсел қаласының соты прокурордың таққан айыбымен келісіп, сұранысын қанағаттандырған. Айта кетерлігі, Жилас мұндай әрекетті неліктен жасағанын түсіндіре алмаған. Жәбір көрген бас айлық марғауды емдеуді француздық жануарларды қорғау ұлттық ұйымы SPA өз мойнына алған. Ветеринарлардың айтуынша, марғаудың табан сүйегі сынып, қабырғасының жарақаттанғанын анықтаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети