01 сәуір 2017 | 12:18

Назарбаев не туралы әзілдегенді ұнатады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz редакциясы Халықаралық күлкі күніне орай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күлкілі әңгімелері мен әзілдерін ұсынады.


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz редакциясы Халықаралық күлкі күніне орай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күлкілі әңгімелері мен әзілдерін ұсынады.

2014 жылдың шілдесінде Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында отырыс болған еді. Сонда Назарбаевқа сол кезде салынып жатқан "Мега Плаза" сауда орталығы таныстырылды. Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов нысанды  "Нұр Плаза" деп атауды ұсынған еді. Сол ұсынысқа Президент былай деп әзілдеген болатын:

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Астана жайлы әзілдегенді ұнатады. Мемлекет басшысы биыл наурызда журналистермен өткен кездесу барысында Астанаға көшіп келген шенеуніктер жайлы әзіл айтқан еді.


Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астананың ауа райы жайлы әзілдер айтып жатады. "Тәуелсіздік тағылымы" арнайы жобасында Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы әкімінің Астанаға келген елшілерді қалай жігерлендіргенін еске алады. "Бізде қатты аяз, жел болады, тек баскиім емес, адамды да ұшырып кетуі мүмкін. Сіздер жазда қандай масалардың болатынын білмейсіздер ғой", - дейді Президент видеороликте.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарлары барысында түрлі мамандықтардың өкілдері жайлы әзіл айтып жүреді. Мысалы, металлургтар, фермерлер, шахтерлер туралы. 2016 жылдың наурызында Президент Павлодар облысындағы медициналық мекемеге сапарында дәрігерлер жайлы әзілдеген еді.

Бірақ Президентіміздің әзілдерінің көбісі әйелдерге арналған екен. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының съезінде Қазақстан әйелдері Мемлекет басшысына деген махаббатын білдірген еді. Назарбаевтың өзі де сол кезде сұлтан Сүлейменнен асып түскенін айтып, әзілдеген болатын.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жыл сайын 8 наурыз қарсаңында әйелдермен әзілге толы кездесу өткізіп жатады.

Ал 2016 жылы Ақордада әйелдермен өткен кездесуде олар тіпті көздеріне жас алды.

 

Ал биыл Президент ер адам мен әйел арасындағы жанжал жайлы анекдот айтып берді. "Ерлі-зайыпты жанжалдасып қалады. Содан олардың бірі былай дейді: татуласайық, екеуміздің де кінәміз бар, бірақ сенің менен қарағанда кінәң көп", - деп күлді Президент.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети