Назарбаев "Нұр" сөзін өз есімімен байланыстырмауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев "Нұр" сөзін өз есімімен байланыстырмауды сұрады Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр" сөзін өз есімімен байланыстырмауды ескертті және "Нұрлы жол" бағдарламасының мәнін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр" сөзін өз есімімен байланыстырмауды ескертті және "Нұрлы жол" бағдарламасының мәнін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жуырда мен бір хат алдым. Онда не болса, соған "нұр" деген сөзді қосып қоятыны айтылды, "соны неге тоқтатпайсыз, бұл жеке басқа табынуға әкеліп соғады ғой деп. Мен ешкімге сөздің алдына “нұр” деп қойыңдар деген жоқпын. “Нұр” дегеннің бәрін менің атыммен байланыстырады. Жоқ, олай емес. Мына біздің жаңа экономикалық саясатымыз да “Нұрлы жол” деп аталады. “Нұрлы” деген сәулелі, жарқын, ашық, ақ жол деген сөз. Егер олай болса, "нұр" дегенді қоспайтын болайық", - деді Қазақстан Президенті жалпыұлттық телекөпір барысында. 

Бұған қоса, Мемлекет басшысы өңірлердің кіреберістерінде ілініп тұратын өз портреттерін еңбекпен қамту көрсеткіштері туралы кестелермен алмастыруды талап еткен болатын. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети