Назарбаев өмірдің мәні туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев өмірдің мәні туралы сұраққа жауап берді © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев өмірдің мәні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев өмірдің мәні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарапайым адам үшін өмірдің мәні - дұрыс өмір сүру, отаның үшін қызмет ету. Өткен уақыттағы қателіктерімізді де, 10 жылдан кейін не болатынын да ойлаудың қажеті жоқ. Мұны кім біледі? Ертең не болатынын біз білмейміз. Осында менің айтып отырғандарым бес минуттан кейін тарихқа айналады. Болмаған нәрсені ойлағаннан не пайда? 10-20 жылдан кейін не болатынын айтып жатамыз, бірақ ертең не болатынын білмейміз", - деді Президент Астанадағы "Жасыл белбеу" брифингінен кейін.

"Табиғат, Жер тым үлкен. Мұны ұмытпау керек, сонымен қатар, қауіп те көп. Біздің ғаламшар ғарышта, галактикада ұнтақ қана. Биіктен қарасақ, ұшып жүрген осы денеге астероидтар, метеориттер құлауы мүмкін. Жанартаулар атқылап, жер сілкінісі болуы да мүмкін. Мұның бәрін ойлай берсек өмір сүру мүмкін емес. Барлық дінде айтылғандай, өмірдің мәні: тәңірге құлшылық етіп, шыншыл болу. Өкінішке орай, мұны барлығы орындай бермейді. Өмірдің мәні - дұрыс, жақсы өмір сүру, жақындарыңды, достарыңды жақсы көру, өз отаныңды сүйіп, халқыңның болашағын ойлау", - деді Назарбаев Tengrinews.kz  тілшісінің "Өмірдің мәні неде?" деген сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, TengrinewsTV-да "Өмірдің мәнін іздеуде" атты бөлім бар. Осы бөлімнен философтардың, музыканттардың және дін өкілдерінің осы тақырып аясында айтқан әңгімелерін көре аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети