07 сәуір 2015 | 12:00

Назарбаев отбасының суреті ресейлік фильмде қолданылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жалғыз жүректер" фильмінің фрагменті. "Жалғыз жүректер" фильмінің фрагменті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының суреті ресейлік фильмде қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасының суреті ресейлік фильмде қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2013 жылы шыққан екі сериялы мелодраманың аннотациясы бойынша, суретке қарап ғашықтардың бір-біріне қаншалықты лайықты екенін біле алатын дарыны бар қыз туралы баяндалады.

Қойылымдардың бірінде - фильмнің кейіпкері Тәжікстанда қалған өзінің отбасы туралы әңгімелейді. Ол отбасының суретін көрсетіп: "Иә, үлкен отбасы. Жалпы біз он бірміз, тек мына жерде барлығы сыймай қалған. Бұл менің үлкен әпкем Фатима", - дейді кейіпкер суреттің түпнұсқасындағы Президенттің жұбайы Сара Назарбаеваны көрсетіп.

"Кішкентай - бұл Рахым. Ал мынау менің әпкем - Зульфия, ол да осы жақта жұмыс істейді", - деп әңгімелейді кейіпкер, Дариға Назарбаеваны көрсетіп, - "Ал ең көрікті - Рахым ата, ол 92 жаста, ал қалыңдықтар әлі де құда түсіп келеді", - дейді ол.

Айта кетейік, суреттің түпнұсқасында Мемлекет басшысы дәл ортасында тұр. Фильмде ол Рахым атаға өзгертілген.

Суреттің түснұсқасы.

Фильмде көрсетілген сурет.

Фильмнің хронометражы бойынша, киноның кейіпкері суретті 1:48:33-тен бастап көрсетеді.

 

Айта кетейік, бұл Қазақстан саяси элитасының суретін қолдануға байланысты болған бірінші шатақ емес. 2014 жылы тамызда ресейлік журналистер жедел медициналық жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан қазақстандық бизнесмен туралы айтқан кезде қателесіп, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосын көрсеткен. Кейін олар бұл қателік үшін кешірім сұрады.

2015 жылы ақпанда Қырғызстанның ішкі істер қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының фотосуретін ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Алманбет Анапияевті өлтіруге күдіктілерді көрсетуге қолданды. Кейін Қырғызстан ішкі істер министрлігі түсінбестік болғанын мәлімдеп, кешірім сұрады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети