Назарбаев өзін "қазақстандық өнімдердің дайын жарнамасымын" деп атады

17 Қыркүйек 2015, 18:14
6
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпкерлерді жеке өндірісті дамытып, "Қазақстанда жасалған" маркасымен өнім шығаруға шақырды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Жергілікті өндірісті дамыту керек. Бүгін екі кәсіпорыннан "Қазақстанда жасалған" деп жазылған сөзді көргенде қатты қуандым", - деді Назарбаев Атыраудағы Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдерімен болған жиын кезінде.

Назарбаев өзінің қазақстандық өнімдерді жарнамалаушы екенін айтты. "Менің үстімдегі киім Қазақстанда тігілген", - деді Президент. Ол үстіндегі пиджагын шешіп, этикеткасын көрсетті. "Аяқкиімім де Қазақстанда тігілген", - деді ол.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы бірінші қатарда отырған инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевті меңзеп, "Оның да киімі Қазақстанда тігілген" деді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай