Назарбаев Павлодарда 2740 теңгеге сауда жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Павлодарда 2740 теңгеге сауда жасады © pavlodarnews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Greenwich гипермаркетін аралады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Greenwich гипермаркетін аралады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

2740 теңгеге сауда жасаған Мемлекет басшысы мұндағы азық-түлік бағасының өте төмен екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев беcбармақ кеспесі мен қарақұмық, қымыз, шай, қаймақ, нан және ірімшік сатып алды.

Бұл жерде Нұрсұлтан Назарбаев облыстағы фермерлік шаруашылықтар мен агроөнеркәсіптік кәсіпорын басшыларымен кездесті. Павлодарлық қымызды Дубайға тасымалдау жоспары жөнінде Мемлекет басшысына жергілікті кәсіпкер Төлеу Күшманова айтып берді.

Президентпен кездесуде "Фудмастер" басшысы Арман Алдабергенов өңірдің азық-түлік өнеркәсібіндегі инвестициялар жөнінде айтып берді.

"2005 жылдан бүгінге дейін компания 10 миллиард теңге салды, бұл соманың басым бөлігі - 6 миллиард теңге - соңғы бес жылда инвестицияланды. Экономикалық қиындықтарға қарамастан біз өз жобаларымызды жаппаймыз. 2016 жылға арналған инвестициялық жоспар 5 миллион евроға тең, оның жарты миллионы Павлодарда President брендімен шығарылатын сары май өндірісінің желісін іске қосуға салынады. Біз Қазақстанда өндірілген май сапасының француз зауыттарындағы өнімдердің сапасынан кем түспейтініне сенімдіміз", - деді Алдабергенов.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Павлодардың ірі гипермаркеті павлодарлық бірнеше ауыл шаруашылық өндірушілермен жергілікті көкөністерді жеткізу бойынша келісімшарт жасасқан: сәбіз, қызылша, қырыққабат пен картоп және сөрелердегі өнімдердің басым бөлігі - отандық.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы ірі гипермаркет Carrefour-да болды. Ол Grand Park Almatу сауда орталығының жаңа ғимаратында орналасқан гипермаркетті аралап, Қазақстанда жасалған өнімдерді көрді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети