Назарбаевтың құрметіне арналған коллекциялық iPhone шықты

23 Маусым 2015, 10:01
10
Назарбаевтың құрметіне арналған коллекциялық iPhone шықты - © Caviar баспасөз қызметі
© Caviar баспасөз қызметі
Назарбаевтың құрметіне арналған коллекциялық iPhone шықты - © Caviar баспасөз қызметі
© Caviar баспасөз қызметі

Зергерлік Caviar бренді Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арнап коллекциялық iPhone жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Smart Luxury Group Ltd баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл телефон Нұрсұлтан Әбішұлының мерейтойына арналып отыр. Оның сыртында оюлар өрнектеліп, еліміздің елтаңбасы бейнеленген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының кескіні мен алтынмен жазылған қолтаңбасы бар.

"Элементтердің барлығы италиялық техникамен және қымбат металлдармен қолдан жасалған. Телефонды өндірушілер Нұрсұлтан Назарбаев адами ұлылықта сирек кездесетін тұлға деп отыр", - делінген өндіруші кәсіпорынның хабарламасында.

Айта кетейік, ерекше "мерейтойлық" шығарылымға өндірушілердің ресми сайты арқылы қол жеткізуге болады.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай