Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төртінші шөбересіне Әнуар деген есім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төртінші шөбересіне Әнуар деген есім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте Мемлекет басшысының немересі Нұрәлі Әлиевтің екінші ұлы өмірге келді. Бұл Астана әкімі орынбасарының отбасындағы төртінші бала.
Айта кетейік, Нұрәлі Әлиевтің жұбайы Аида Әлиева Қазақстан әділет министрі Берік Имашевтің қызы. Ол Парламент Сенатының кулуарында баланың жағдайы жақсы екенін айтты. Балаға қандай есім берілді деген сұраққа Берік Имашев "Әнуар" деп жауап берді.
Нұрәлі Әлиев пен Аида Әлиева 12 жылдан бері некеде. Олар осыған дейін үш баланы тәрбиелеп келді: ұлдары Алан, қыздары Лаура мен Амира.