Норвегияда 10 жасар жүргізуші өзін ергежейлімін депті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Норвегияда 10 жасар жүргізуші өзін ергежейлімін депті Сурет nnm.ru сайтынан алынды

"Норвегияда әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен 10 жасар бала жол-көлік апатына түскен. Оқиға орнына келген полицейлерге ол "ергежейлімін, жүргізуші куәлігім үйде қалып кетті" деген уәж айтқан" деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC Russian ақпарат көзіне сілтеме жасап. Тапқыр оқушы ата-әжесіне қонаққа бармақ болып, әкесінің көлігін айдап кеткен. Оған 1,5 жасар қарындасы жолаушы болыпты. Он шақырым жүрген соң, жеткіншек жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай қалып, машина жол жиегіне шығып кетеді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шекпеген. Полицейлердің айтуынша жеткіншек жүргізуші жазаланбайды, ал оның ата-анасы айыппұл төлейтін болады. Сондай-ақ оларға баласына көбірек назар аударуға және көлік кілтін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға нұсқау берілді. Осындай оқиға өткен жылдың қарашасында Башкирияда орын алған болатын. 11 жасар бала ВАЗ-2109 көлігімен жол сақшыларынан қашып 50 шақырым жүрген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети