1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Нөсер жауыннан кейін Алматыда көліктер суда жүзіп жүр26 мамыр 2017, 15:12

Нөсер жауыннан кейін Алматының көшелерін қайтадан су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

26 мамырда түстен кейін жауған нөсер жауын салдарынан қаладағы көшелерді су алып қалды. Осылайша, Төле би көшесінде су деңгейі 10-15 сантиметр болып тұр. Яссауи мен Өтеген батыр көшелерінде де жағдай осындай. 

Жүргізушілердің айтуынша, Достық даңғылынан асқанда Әл-Фараби даңғылы бойында да қозғалыс қиындаған. 

Кей көшелерде бағдаршамдар істен шыққан. Соның ішінде, Абай - Алтынсарин, Абай мен Манас және Жандосов пен Науаи көшелерінің қиылысында бағдаршамдардың істен шығуына байланысты қозғалыс қиындаған.