25 наурыз 2022 11:06

Нұр-Сұлтанда денешынықтыру пәнінің мұғалімі мектепте ұзатылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде ерекше қыз ұзату видеосы тарады. Онда қыз әдеттегідей мейрамханада немесе үйде ұзатылмаған. Өздері жұмыс істейтін мектеп қабырғасынан ұзатылған. Tengrinews.kz тілшісі жас-жұбаймен сөйлесіп, оқиғаның анық-қанығын сұрады.


Әлеуметтік желілерде ерекше қыз ұзату видеосы тарады. Онда қыз әдеттегідей мейрамханада немесе үйде ұзатылмаған. Өздері жұмыс істейтін мектеп қабырғасынан ұзатылған. Tengrinews.kz тілшісі жас-жұбаймен сөйлесіп, оқиғаның анық-қанығын сұрады.

Желі қолданушылары топтарда тараған видеоға түрлі пікір жазған:

Бақытты болсын! Бастысы мектеп оқушылары емес.

Жастар бақытты болсын!

Мәссаған! Қалай ойлап тапқан?!

Шынын айтсақ, бұрын ауылда басқа орын жоқта салтанатты іс-шаралар мектепте өтетін. Қайда, қанша ақшаға өткізгені емес, ең бастысы жастар бақытты болғаны маңызды.

Бұрын мектепте тұсауын кестірейін деп жүрген баланы алып, тұсу кесу салтын көрсететінбіз.

Қарапайым жастар, өте жақсы! Бақытты болыңыздар! Қарапайым адамдардың махаббаты тұрақты, баянды, бақытты болады! Бақытты жанұя болыңыздар!

Бастысы жастар бақытты болсын! Импровизацияны керемет ұйымдастырған. Шынайы өмірден алынған шынайы салт-дәстүр!!!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Видеодағы кейіпкерлер - денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Олжас Анарбай мен Мәдина Шайкемелова. Мәдина видеоның қайда, қашан түсірілгенін әңгімелеп берді.

"Наурыз мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы №61 орта мектеп ұжымында 19 наурызда "Қош келдің, әз Наурыз!" атты іс-шара өтті. Сол шарада қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын көрсету керек болды. Бізге "Қыз ұзату" дәстүрі берілді", - деді ол.

Олжас Анарбай мен Мәдина Шайкемелова

Мәдина қашан танысқандарын айтты. Мектеп қабырғасы олардың махаббаттарының басталуына себеп болған екен.

"Жұбайыммен оқу жылының басында, қыркүйекте осы мектепте таныстық. Бірге жұмыс істейміз. Күйеуім - Олжас Анарбаев 1993 жылғы, денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Мен, Шайкемелова Мәдина 1999 жылғымын. Мен де денешынықтыру пәні мұғалімімін. Өзім Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Амантоғай ауылынанмын. Күйеуім - Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылының тумасы. Абай ауылына келін болып түстім", - деді ол.

Мәдинаның айтуынша, сол көріністен кейін бірден жұбайының үйіне барған. Яғни көріністің арты шынайы оқиғаға ұласқан. 

"Мектепте көрініс болды. Ол көріністі бізге отау құрғалы жүргесін берді. Сол мектептегі көріністен кейін күйеуім келісім бойынша алып кетті", - деді ол.

Мәдина Шайкемелова ұсынған суреттер

Бір қызығы ұзатуға Мәдинаның жақындары, туыстары қатыспаған. Сонымен қатар, мектеп оқушылары да бұл шарада болмаған. Ал видеодағылар, екі жағынан жеңгесі секілді ұстап тұрған кейіпкерлер сол мектептің мұғалімдері екен. Мәдинаның айтуынша, бүгін беташар тойы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети