Нұр-Сұлтанда унитазы алтын үй сатылып жатыр

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда унитазы алтын үй сатылып жатыр © krisha.kz

Нұр-Сұлтанда алтын унитазы бар 8 бөлмелі үй 1,4 миллиард теңгеге сатылғалы жатыр, - деп хабарлайды Krisha.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда алтын унитазы бар 8 бөлмелі үй 1,4 миллиард теңгеге сатылғалы жатыр, - деп хабарлайды Krisha.kz.

Хабарландыруда үй 2015 жылы салынғаны және ауданы 1200 шаршы метр екені жазылған. Үйде өзінің саунасы мен бассейні бар. 

Хабарландыруға бекітілген көптеген суретке қарағанда, үйде кемінде төрт санитарлық торап бар, олардың бірінде унитазы алтыннан жасалған (немесе алтын жалатылған). 

Асүйдің өзі 40 шаршы метр ауданды алып жатқаны айтылған. 

Айта кетелік, 14 қыркүйекте Уинстон Черчилль дүниеге келген британдық Бленхейм сарайынан 18-карат алтынынан жасалған унитаз ұрлағаны туралы ақпарат пайда болған. Өнер туындысы әлі табылған жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети