Нұр-Сұлтанда алтын унитазы бар 8 бөлмелі үй 1,4 миллиард теңгеге сатылғалы жатыр, - деп хабарлайды Krisha.kz.
Нұр-Сұлтанда алтын унитазы бар 8 бөлмелі үй 1,4 миллиард теңгеге сатылғалы жатыр, - деп хабарлайды Krisha.kz.
Хабарландыруда үй 2015 жылы салынғаны және ауданы 1200 шаршы метр екені жазылған. Үйде өзінің саунасы мен бассейні бар.
Хабарландыруға бекітілген көптеген суретке қарағанда, үйде кемінде төрт санитарлық торап бар, олардың бірінде унитазы алтыннан жасалған (немесе алтын жалатылған).
Асүйдің өзі 40 шаршы метр ауданды алып жатқаны айтылған.
Айта кетелік, 14 қыркүйекте Уинстон Черчилль дүниеге келген британдық Бленхейм сарайынан 18-карат алтынынан жасалған унитаз ұрлағаны туралы ақпарат пайда болған. Өнер туындысы әлі табылған жоқ.