Нұр-Сұлтандағы ботаникалық баққа аққулар қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы ботаникалық баққа аққулар қонды Сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтандағы жасанды су қоймасына аққулар қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы жасанды су қоймасына аққулар қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz оқырмандары редакцияға Нұр-Сұлтандағы ботаникалық бақтағы су айдынында жүрген аққулардың видеосын жіберді.

Кадрлардан құстардың қос-қостан жүзіп жүргенін көруге болады.

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Әбдіманап Жұмаділдаевтың айтуынша, көктемде екі жұп аққу үнемі Талдыкөлге ұшып келеді.

"Жыл сайын Талдыкөлге төрт аққу ұшып келеді. Жазда келеді, күзде қайтадан ұшып кетеді. Осы жылы олар Ботаникалық бақтағы жасанды су қоймасында біраз уақыт өмір сүргісі келген шығар. Бірақ онда жұмыртқаламау керек, өйткені оған жағдай жасалмаған, қамыс жоқ. Шамамен 15 күннен кейін Талдыкөлге барып көбейетін шығар", - деді Әбдіманап Жұмаділдаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети