Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны дамыту жөніндегі және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде байып кеткен аула тазалаушы жайлы тәмсіл айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны дамыту жөніндегі және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі жиналыс кезінде байып кеткен аула тазалаушы жайлы тәмсіл айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол білімі болмағандықтан жұмысынан шығарылған аула тазалаушы жайлы әңгімеледі.
"Оған "Кешіріңіз, бізде аула тазалаушының өзінде білімі болуы керек, біз сізді жұмыстан шығарамыз, жағдай солай" дейді. Сөйтіп, оны жұмыстан шығарып жіберді. Ал оның бұдан басқа қолынан келер ісі жоқ. Жүреді де қояды. Ол енді не істеуі керек? Аула талазаушы болып істейтін достарын жинап алады. Компания құрып алады да, тазалау жұмыстарымен айналысады. Олар осылайша адалдығы мен ақ ниеттілігі үшін құрметке ие болды. Компания табысқа кенеле бастайды. Сосын олар тазалайтын техника сатып алады. Қоқыс өңдеу зауытын ашады да, бай болып шыға келеді. Есепшот ашып, салып қойған банкіндегілер болса оған "Сіз біздің ірі салымшыларымыздың бірісіз, құжаттарымызда сіздің қолыңыз жоқ, қол қойып кете аласыз ба?" деп сұрайды. Ол жазуды білмейтінін айтып, қосу белгісін салуға рұқсат сұрайды. Оған былай дейді: "Қосу белгісін салуға болады, бірақ сіздің ақшаңыз көп, сіздің неге біліміңіз жоқ?". Сонда ол "Егер менің университеттен алған дипломым болса, мен осы күнге дейін банкте аула тазалаушы болып жұмыс істей берер едім", - дейді. Яғни адам өзін түрлі жолдармен дамытады. Мен керісінше жұмыс мамандықтарының көп болғанын қалаймын. Бүгінгі жұмысшылар - күрес ұстайтын жұмысшылар емес. Бүгін жұмысшылар басқа", - деді Президент.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Мұз аренасының инфрақұрылымымен танысты, мұнда 2017 жылы қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты өтеді.