28 желтоқсан 2017 | 16:51

Нұртас Адамбай: "Клубтың шаңырағын ортаға түсіреміз" деу заңды ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Продюсер Нұртас Адамбай қамалған Instagram жұлдызы Айжан Байзақованың жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Продюсер Нұртас Адамбай қамалған Instagram жұлдызы Айжан Байзақованың жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Байзақова, әрине, инстаграмында және клубында артық кетті. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз! Оның әрекетінің заңдылығын анықтау үшін заң бар! Ұнамай ма? Мұндайға орын жоқ және біреу-міреудің құқығын бұзады деп есептейсіз бе? Арыз жазыңыз да, сотқа беріңіз! Заң бәрінен үстем болуы тиіс! Айжан 3 күн қамауда отыр, өкінішін де білдірді. Тек белгілі бір адамдардың "клубтың шаңырағын ортаға түсіреміз" деуі заңды ма?", - деп жазды ол Facebook желісінде.

Сондай-ақ, продюсер елімізде сот, заң және атқару билік тармақтары бар екенін, солардың адамдардың белгілі бір әрекетіне баға беретінін еске салды. 

"Басқа ешкім де бұл іспен айналыспауы қажет. Заң сақтаңыздар!", - деді ол.

Еске салайық, кеше, 26 желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді. 

"Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды", - деген еді Алматы ІІД өкілдері. 

Айта кетейік, Айжан Байзақованың өзі кінәсіне өкініш білдірді. Ол сот залында қамауға алынды. Ал кейін Zakova клубы әкімшілігі үндеу жариялап, халықтан кешірім сұраған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети