Сурет Ақ үйдің ресми "Твиттерінен" алынған
"Америка президенті Барак Обама мен Канада премьер-министрі Стивен Харпер бір жәшік сыраға бәстесті. Бәске себеп болған - Сочи Олимпиадасындағы ерлер мен әйелдер арасында хоккей сайысында кім жеңімпаз болады деген мәселе. "Бәсте жеңген адам әр ойын үшін бір жәшік сыра алады" деп жазады америка президенті Ақ үйдің ресми "Твиттерінде" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Қазірге Обама бір жәшік сыраға ұтылды. Өйткені, бейсенбі күні кешке хоккейден әйелдер арасында өткен ақтық ойынында канадалық қыздар Америка аруларын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға 5 минут қалғанда америкалық арулар 2:0 есебімен жеңіп жатқан. Алайда, канадалық қыздар қақпашыны алаңда ойнайтын алтыншы ойыншымен алмастырып, есепті теңестіріп, соңынан жеңіп кетті. Бұл канадалық қыздардың олимпиада ойындарындағы қатарынан төртінші жеңісі. 21 ақпан, жұма күні көрермендер Америка мен Канаданың ерлер командасы арасында болатын жартылай финал ойынын көре алады. Демек, Обаманың ұтылып қалған бір жәшік сырасын қайтаруына әлі де мүмкіндігі бар.
"Америка президенті Барак Обама мен Канада премьер-министрі Стивен Харпер бір жәшік сыраға бәстесті. Бәске себеп болған - Сочи Олимпиадасындағы ерлер мен әйелдер арасында хоккей сайысында кім жеңімпаз болады деген мәселе. "Бәсте жеңген адам әр ойын үшін бір жәшік сыра алады" деп жазады америка президенті Ақ үйдің ресми "Твиттерінде" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Қазірге Обама бір жәшік сыраға ұтылды. Өйткені, бейсенбі күні кешке хоккейден әйелдер арасында өткен ақтық ойынында канадалық қыздар Америка аруларын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға 5 минут қалғанда америкалық арулар 2:0 есебімен жеңіп жатқан. Алайда, канадалық қыздар қақпашыны алаңда ойнайтын алтыншы ойыншымен алмастырып, есепті теңестіріп, соңынан жеңіп кетті. Бұл канадалық қыздардың олимпиада ойындарындағы қатарынан төртінші жеңісі.
21 ақпан, жұма күні көрермендер Америка мен Канаданың ерлер командасы арасында болатын жартылай финал ойынын көре алады. Демек, Обаманың ұтылып қалған бір жәшік сырасын қайтаруына әлі де мүмкіндігі бар.