Обама Кенияның ұлттық биін билеп берді

27 Шілде 2015, 08:38
0

АҚШ президенті Барак Обама Кенияға ресми сапары кезінде елдегі танымал Sauti Sol тобының әніне липала ұлттық биін биледі, - деп хабарлайды The People.

Обама түскі ас кезінде билеп жатқандарға қосылды. Sauti Sol ән айтқан кезде Обама бірінші пиджагын шешіп, сахнаға көтерілді, сосын билей жөнелді. Обамамен бірге Кения президенті Ухуру Кениата әйелімен және кениялық шенеуніктер, сонымен қатар АҚШ президентінің қарындасы Аума Обама да биледі.

Еске сала кетейік, Кенияға екі күндік ресми сапары кезінде Обама өз туыстарымен де кездесті. Туыстарының арасында Обаманың әкесінің өгей анасы да болды. АҚШ президенті оны әже деп атайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай