Оңтүстік Қазақстан облысында сот сегіз жыл бұрын тастанды қызды асырап алған әйелге қатысты шешім шығарды. Қыз асырап алған анасымен қалатын болды, - деп жазады "Отырар".
Оңтүстік Қазақстан облысында сот сегіз жыл бұрын тастанды қызды асырап алған әйелге қатысты шешім шығарды. Қыз асырап алған анасымен қалатын болды, - деп жазады "Отырар".
Шардаралық Бейсенкүл Әбубәкірова сәбиді өзінің үйінің қақпасынан тауып алған. Содан әйел сәбиді алып қалуды шешеді, алайда құжаттарды ресми түрде рәсімдей алмаған. Сегіз жыл өткен соң биліктегілер қызды алып кетіп, оны балалар үйіне береміз деп қорқытқан. "Бұл Құрбан айт кезінде болатын. Мен таңғы уақытта аулаға шығып, бір түйіншекті көрдім. Оның ішінде нәресте болды. Менің үш балам бар. Тауып алған сәбиді өз баламдай қабылдадым. Міне, осымен бірнеше жыл тұрып келе жатырмыз. Бірақ жақында мен құжаттарды рәсімдей бастағанда, менен Инабатты алып кетуі мүмкін екенін айтты. Мен онсыз өмір сүре алмаймын", - дейді асырап алған ана.
Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері зейнеткерге құжаттарды жинап, істі сотқа жіберуге көмектескен. "Біз құжаттарды жинадық, сотқа жібердік. Соттың шешімімен қыз Бейсенкүл Әбубәкіровада қалды. Қызды асырап алуға да рұқсат берілді. Енді қызды ешкім де алып кете алмайды, себебі заң бойынша Инабаттың анасы - Бейсенкүл Әбубәкірова", - деді Шардара аудандық білім бөлімінің өкілі Ақжібек Жантөреева.
Басылымның мәліметінше, Әбубәкірованың отбасының үлкен жоспарлары бар. Ол Инабаттың жақсы білім алуын армандайды екен. "Ол ерке қыз емес, қарапайым өмір сүреміз. Оған ұрсатын кездер де болады, не дегенмен бала ғой... Қызымыз әнші болады деп ойлаймыз, оның ән айтуға деген сүйіспеншілігі таңертеңнен байқалады", - деп күледі анасы. - Менің қызымның ән айтқанын барлығы да еститін шығар".