Ресейдің Камень-на-Оби қаласында оқушы сәбимен жүрген әйелдің жолақысын төлеген. Оның осы жақсылығы мың еселеніп, өзіне қайтқан, - деп хабарлайды "КП-Новосибирск".
Ресейдің Камень-на-Оби қаласында оқушы сәбимен жүрген әйелдің жолақысын төлеген. Оның осы жақсылығы мың еселеніп, өзіне қайтқан, - деп хабарлайды "КП-Новосибирск".
Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Наталья Мишина үш жасар баласымен Алтай өңіріне ата-анасына жаңажылдық мереке қарсаңында қонаққа келген. Әйелдің айтуынша, қалада көңіл көтеру орталықтары аз, сол себепті ол автобуспен қаланы аралауға шыққан.
"Автобуста баламен жылдам отыра сала алмайсың - жүргізуші жолақысын төлемей жатқанымызға ашулана бастады. Баламды отырғызып, жүргізушіге ақша бергенімде, ол маған біз үшін оқушы баланың төлеп қойғанын айтты", - дейді Наталья.
Ол жасөспірімнің жанына отырып, Ваня есімді баланың анасымен бірге тұратынын және әкесінің жоғын білген. Ол жолақысын төлеуге өздерінің отбасында қалыптасқан "бір біріне қамқорлық жасау" принціпі бойынша төлегенін айтады.
Осыдан кейін Наталья таныстары арқылы баланың тегін біліп, анасына көкөністер мен тәттілер апарып, баласына осындай жақсы тәрбие бергені үшін алғыс білдіргісі келген. Баланың анасы Ваняның сурет салуға құмар екенін, алайда жөндеу жұмыстарына байланысты ол өнер мектебіне бара алмай жүргенін айтқан.
Осы кезде қыз бала Instagram желісінде Татьяның картасының нөмірін жариялап, жөндеу жұмыстарына және Ваняның сурет салуды тезірек үйренуіне себепкер болуды сұраған. Жарияланғаннан кейін бір тәулік өткенде бір жарым миллион рубль (9,2 миллион теңге) жиналған.
"Түнімен телефонға эсэмэскалар келіп жатты. Соңында телефонымды ашып қарағанымда, жиналған қаражат бір миллионнан асып кеткен екен. Есеңгіреп қалдық", - дейді баланың анасы.
Ваняның өзі болса, адамдардың неліктен алғыс білдіріп жатқанын түсінбейді. Татьянаның айтуынша, ол анасынан қайта-қайта былай сұраған: "Мама, мен соншалықты не істедім? Бар болғаны бала ұстаған әйелдің жолақысын төледім ғой...".
Олар ақша жіберіп, жылы лебіздерін айтқандардың барлығына алғыс білдіріп, қаражатты "болмашы" нәрсеге жұмсамауға уәде берді. Олар бірінші кезекте үйдегі жөндеу жұмыстарына жұмсайтындарын айтады. Сосын анасы баласына Барнауылдан не Новосібір қаласынан пәтер сатып алмақшы.