Оңтүстік Қазақстанда әйел адам қоғамдық орында пісте шаққаны үшін қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда әйел адам қоғамдық орында пісте шаққаны үшін қамауға алынды © Zolmer.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында әйел адам қоғамдық орында пісте шаққаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында әйел адам қоғамдық орында пісте шаққаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Шәуелдер ауылында орналасқан ХҚКО  ғимаратына кіре берісте, яғни, қоғамдық орынға пістенің қалдығын тастап, ластаған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері әйелдің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін хаттама толтырған.

Отырар аудандық соты құқық бұзушыға қатысы әкімшілік істі қарады. Ол кінәлі деп танылып, 4 тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынды. Айта кетейік, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети