Оңтүстік Қазақстан облысында Отырар аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Нұрлыбай Тасыбаев пен тағыламадан өтуші полицей Жасұлан Пірімжанов кезекшілік кезінде 24 жастағы жүкті әйелді қызметтік автомобильде босандырып алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Түнгі сағат 4.00 шамасында рейд шараларын жүргізіп жүрген полицейлер Қоғым ауылының маңынан жолда тұрған "Мерседес" автомобилін байқап қалады. Көлікке жақындаған олар күйеуі әйелін ауруханаға апара жатқан жолда автомобильдің бұзылып қалғанын біледі. Бұл кезде әйел медициналық көмекке мұқтаж болған.
Полицейлер жүкті әйелді қызметтік көлікке отырғызып, аудандық ауруханаға қарай беттейді. Дегенмен осы сәтте әйелдің толғағы басталады. Полицей Нұрлыбай Тасыбаев әйелді өзі босандырып, нәрестені күртесіне ораған. Осылайша тәртіп сақшылары отбасы мүшелерін ауруханаға аман-есен жеткізді. Дәрігерлер анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы екенін хабарлады. Қызға Раяна есімі берілді.
Бақытты ата-ана полицейлерге көмектері үшін алғыс білдірді.