03 қаңтар 2016 | 11:21

Оңтүстік Қазақстанда күннің жылынуынан мамыргүл бүршік жара бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мұрат Арыстанов © Мұрат Арыстанов

Оңтүстік Қазақстан облысында күннің кенеттен жылынуынан мамыргүл бүршік ата бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО Сарыағаш ауданы Құрама ауылының тұрғыны Мұрат Арыстанов айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында күннің кенеттен жылынуынан мамыргүл бүршік ата бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ОҚО Сарыағаш ауданы Құрама ауылының тұрғыны Мұрат Арыстанов айтып берді.

"Бүгін таңертең ауламда мамыргүлдің бүршік жара бастағанын байқадым. Кеше 20 градус жылы болды, біз күртелерімізді шешіп, жейдемен жүрдік. Кейбірі тіпті жеңіл жейдемен жүр. Мен көлігімде желдеткіш қосып қойдым. Биылдыққа бізде қыс мүлде болмады. Көктем сияқты. Жаңа жылды қарсыз қарсы алдық, көктемгі жаңбыр жауды", - деді Мұрат Арыстанов.

Ол қаңтар айында бұл ауданда әдетте 10 градус жылы болатынын айтты. "Бізде ары кетсе 10 градус жылы болады, ал түнде минус 10-15 градус шамасында. Биыл одан да жылы. Күз де, жаз да ыстық болды", - деді ОҚО тұрғыны.

"Жаңа жыл кезінде мұндай жағдай мүлде болған емес. Ақпан айында шие ағаштары бүршік жарған кездер болды. 40 жасқа келсем де мұндайды алғаш көруім", - деді Арыстанов.

Арыстанов мұндай ауа райынан жергілікті шаруалардың зардап шегетінін айтты. "Мұнда көбі орамжапырақты қыстың суығын есептеп 15-20 сантиметр тереңдікке егеді. Көшет осы биікттікке дейін өскенше бізде күн де жылына бастайды. Осыдан кейін целлофанға орап, мамыр айында біз алғашқы өнімді аламыз. Енді күннің жылынуынан көшеттер 15 сантиметрге жетіп қалды. Енді 5 сантиметр өссе, өз салмағынан құлай бастайды. Менің көршім тәуекелге барып, көшетті целлофанға орап тастады", - деді ол.

 
© Мурат Арыстанов

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети